Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде коронавирус инфекциясының ушығуына байланыс ана өлімі 2,8 есе артқанын айтты.
"Биыл коронавирус инфекциясының ушығуына байланысты жүкті әйелдердің арасындағы ана өлімі күрт өсіп кетті. Былтырға қарағанда көрсеткіш 2,8 есе артты. Бұл жағдай жүкті әйелдердің физиологиясына да байланысты. Жүктілік кезінде әйелдердің денсаулығына үлкен күш түседі. Сонымен қатар, басқа да гормон фонына байланысты (жүкті әйелдің - ескерту) қан тамырларында, өкпе жұмысында қиындық туындайды. Оған вирус қосылса, жағдайы нашарлайды. Сондықтан бұл ауру (коронавирус - ескерту) ана өлімінің басты себебі болып отыр", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде.
Ажар Ғиният болашақ аналарға сақ болуға кеңес берді.
"Осыған байланысты жүкті әйелдерге сақтануға, оларды көпшілік орындарға жібермеуге кеңес береміз",
- деді вице-министр.