Кафе мен мейрамхана иелері карантиндік шараларды елемеуді қашан қояды деген сұраққа Алматы әкімі жауап берді.
Akimat Live бағдарламасының эфирінде ол мобильді топтардың жұмысы Алматыда жалғасып жатқанын айтты. Қазан айында 2 мыңға жуық тексеру жүргізіліп, 493 заң бұзушылық анықталған.
Бізде бизнесмендерден ереже бұзуды қашан қоятындарын, олардың санасы қашан оянатынын сұраймыз? Кафе мен мейрамхана иелері отпен ойнап жүргенін қашан түсінеді? Міне, сіздер ереже бұзасыздар, ал біз сіздерді жазалап, жауып тастаймыз. Біреуін жапсақ басқалары ашылып жатыр», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Оның айтуынша, егер бизнес өкілдері бұған жол бермейтін болса, онда адамдар сәйкесінше іс-шаралар өткізбей үйде отыратын еді. Бірақ адамдар келісе алатынын және оларға рұқсат берілетінін білетіндіктен, ереже бұзуға барады.
Нәтижесінде мереке бүлініп, ақша босқа шашылып, көңіл-күйлері түседі. Бұл кімге керек, неге тәуекел етеміз? Содан кейін клиенттер мен бизнес өкілдері арасында есеп айырысу басталады. Себебі мереке болған жоқ. Пайда туралы ойлаудың қажеті жоқ. Адамдардың денсаулығы туралы ойлану керек, - деп қорытындылады әкім.