Алматыдағы өрт сөндіру кезінде жарылыс болды. Өрт сөндірушілердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
«Бұл туралы ТЖ департаментінен мәлім етті», – деп хабарлайды.
Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«27 қазан күні сағат 12:56-да ТЖД күштері мен құралдары Әуезов ауданы, Ақсай-1а ықшам ауданында жоғары шақыру дәрежесімен шықты. Оған өрт оқпандары жіберілді. Оқиға орнынан әрқайсысының көлемі 25 литр болатын екі газ баллоны эвакуацияланды. Сондай-ақ ангардың ішінде жанғыш сұйықтық бар контейнер бар екендігі туралы ақпарат келді. Сағат 13:21-де жарылыс болды. Өрт сөндірушілер арасында зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады ТЖД.