Аманатқа адалдық өсиет – өмірден өткен кісінің аманаты. Оны орындау – адамгершіліктің орасан биік үлгісі.
Тарбағатайдың Қызыл кесігіне, ары қарай Ақсуатқа келгенбіз. Сондағы ғасырға жуық тарихы бар Би Боранбай орта мектебінде Асқар ЖӘКУЛИН есімімен биология зертхана сыныбы жабдықталыпты. Оған қоса, Ақсуатта көп балалы аналарға арнап салынған қос пәтерлі үйге де Асқар атындағы қайырымдылық қоры ауқымды демеушілік жасапты.
Нысандарды тапсыру әсерлі шаралармен өтті. Жәкуләнің Қызыл тасының тұсындағы ЖӘКУЛӘНІҢ ЖҰРТЫ ескерткішіне тартып, ҚУБАС АТТЫҢ КЕЗЕҢІНЕ дейінгі тұста Асқардың ізі, атасы Жәкуләнің ізі сайрап жатыр. Асқар дүниеден өтерде Әйелі Жәйнаға, балалары Айдана мен Айқұтқа хат жазып қалдырған. Өсиет хат отансүйгіштік, ұлтсүйгіштік рухқа, жан тебірентер әсерге толы болатын. Онда Жәйнаға қаратып: "... АҚСУАТ МЕНІҢ АТАМЕКЕНІМ. ОҒАН ҚОЛЫҢ ӘР ҚАШАН АШЫҚ БОЛСЫН!..." дегені бар. Өсиет – өтініш – ӨЛГЕН КІСІНІҢ ӨТІНІШІ. Өсиетті орындау – арғы дүниедегі адамның аманатына адал болу – ТІРІНІҢ ТІРІЛІГІ – ІРІЛІГІ. Адамдық ізгіліктің БИІК ШЫҢЫ. Бұл жөнінен ЖӘЙНА КЕЛІНГЕ ТАҒАР МІН ЖОҚ.
Асқар қайтқалы оның атындағы қайырымдылық қорының қоғамдық қамқоршысы ретінде АҚСУАТТА 5 рет Өскемен, Семейде 4 рет болдым. Тек Асқардың атамекені шығыста ғана 47 млн. теңгенің аса қажетті қайырымға жұмсалғанына куә болдым. Жәкулә аруағына, Асқар рухына және осының бәрін жасап отырған ЖӘЙНӘ КЕЛІНГЕ деген ЖҰРТТЫҢ АЛҒЫСЫН КӨЗ ЖАСТАРЫНАН КӨРДІМ. Жәйна келін, "жұрт бүгіншіл, ал менікі ертең үшін" деп АХМЕТ АТАҢ айтқан. Қайырымдылықтың қайырымы болашақта ЕРТЕҢДЕ.
Жәйна, Асқардың АЗАТ ОТАНҒА ДЕГЕН ШЕКСІЗ СҮЙІСПЕНШІЛІГІН ЖАҚЫННАН СЕЗІНГЕН КУӘСІ, АДАМДЫҚ МАХАББАТЫНЫҢ КЕЙІПКЕРІСІҢ ЖӘНЕ ЖӘКУЛӘ МҰРАТЫНЫҢ ЖАЛАУЫН ҰСТАҒАН ЖАНСЫҢ. Асқардың силас ауылдасы, ақын ағаң ретінде жасаған жақсылығыңа береке, жаныңа қуат тілеймін.
Алмас Ахметбекұлының Facebook-тағы парақшасынан алынды