«8 қазаннан бастап әуе кемесінен вирус жұқтырған 33 азамат анықталды. Олардың барлығы оқшауландырылды. Анықтамасыз келген адамдардың саны (ПТР тест- ред.) - 5 мыңнан астам болды», - деді сапаны бақылау және өнімнің қауіпсіздігі бөлімінің бастығы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
Вирус жұқтырғандардың көпшілігі Шарм-эль-Шейх курортынан (Египет) келеді - 14, екінші орында Түркия - 8 және үшінші орында БАӘ - 6. Олардың барлығы инфекциялық ауруханаларға жатқызылған.
«Сіздер әлемдегі жағдайдың қалай ушығып тұрғанын жақсы білесіздер. Осыған байланысты сіздерден шетелге барудан аулақ болуды, үйде болуды сұраймын. Бізде керемет демалыс орындары бар және сіз керемет демалысты Қазақстанда да өткізе аласыз», - деді ол.