Құлагер мінезді қазақтың басынан не өтіп, не кетпеді?! «Жетім қозы –тасбауыр, маңырар да-отығар» - дегендей барлығына шыдам беріп, шүкіршілігінен жаңылмады. Ақтабан шұбырындыдыан басталған алапат талай ғасырларға созылды. Отыз екінші жылдың аштығы да миллиондаған қандастарымыздың жүзін жабусыз қалдырды. 1937 жылғы репрессия салдарынан қазақ зиялылары жазықсыз жазаға тартылып, өзі құрған өкіметтің өктем зұлымдығы салдарынан өмірден қыршын кетті. Солардың бірі-Темірбек Жүргенов.
Әрине, алаштың азалап іздер ұлы туралы бұрын жазғам.Бұл жолы неге қайта оралдым?
Бүгінгі таңда өзінің саясатын өз бағытымен жүргізетін елімізде өктемшіл орталықтың солақай саясаты салдарынан жоғалған байырғы атауын қалпына келтіріп, мәні мен мағынасы құнсызданып бара жатқан коммунистік режимдегі атаулардан арылу жоғарғы деңгейде шешілуде.
Соның бірі-Комсомол ауылы. Оны өзгертетін уақыт жетті. Ол тарихи әділдік.Әңгіме оның Жүргеновтің немесе бағзы уақыттан бері ел арасында аталып келе жатқан төл атауына ауыстыратын кезең келді. Бұны ешқандай саясаландыру жөн емес.
Біз басқа ұлттың діліне, тіліне, дініне тиісіп жатқан жоқпыз. Елдімекендердің атауын өзгертуде қол жинаушылардан жүрексіну болмаса ығына жығылып солар ренжімесін деп жалпақшешейленуден тиялар уақыт.
Менің қолыма қайта қалам алуыма аудандық қоғамдық Кеңестің Комсомол ауылының атауын Т.Жүргенов атына ауыстыру жөніндегі ұсыныстан кейінгі жүйкені ширықтырар жағдай себеп болды. Басқа ұлт өкілдері түгелі, өзіміздің қандастарымыздың арасында Т.Жүргеновтың есімін білмейтін (әлде, білгісі келмейтін!) барлығын білгенде намысты найзадай шабақтадық. Сосын осы мәселеге қайта оралуға тура келді.
Темірбек Қараұлы Жүргенов кісі ауданымыздың Жабасақ ауылының Басықарақопа жерінде дүниеге келген. Ол энциклопедияда анық көрсетілген. «...Темирбек Караевич Жургенов родился в ноябре 1989 года в Иргизском районе Актюбинской области в местности Басы-Каракопасы (в 200-330 км от Иргиза) где ныне расположен совхоз «Жабасак», в ауле крупного бая Куана.
Весной и летом аул Куана кочевал по джайлау невдалеко от Орска в названной выше местности Басы-Каракопасы Иргизского уезда. Поздней осенью он прикочечывал на свое постоянное Сыр-Дарьинское зимовье недалеко от Перовска (Кзыл-Орда), где ныне находится совхоз «Жаңаталап» Джалагашского района Кзыл-Ординской области. Здесь, в аульном мектебе, начались его первые шаги в учебе...»
«Жүргенов бұл жақта тумаған! Біздің ауданға қандай еңбегі сіңді?-деп сирақтан бүйрек шығарғандарға лайықты жауап. Және қазақ елінің болашақ ұрпағы сауатты болуы үшін өнер ордаларын ғана емес, мың мектеп салдырған. Бұл жөнінде өлкетанушы Бөрібай облыстық «Ақтөбе» газетіндегі көлемді мақаласына көз жүгіртсе болды. Соның екеуі-біздің ауданның Сарыбұлақ және Жабасақ ауылында ашылған.
Ол қырық жас ғұмырында талай министрлер мен әртүрлі деңгейдегі басшылар жасай алмаған істі жасап кетті. Ол кез жоқшылық шақ.Сонда да жігерлілігінің , ұлтжандылығының арқасында қиындықты жеңді, қазақтың көзін ашты. Ал, ол кісінң орнына демагог, ұраншыл, мақтансүйгіш, азды айға қолжеткізгендей дабырайтатын біреу келгенде біздің білімді ұрпағымыз осындай деңгейге жетер ме еді?.
Жүргеновтың атын ауданға беру жөнінде кезінде қолға алғанбыз. Сол кезде ауданға белгілі екі азамат Құлымбетовты қосарлады. Олардың ойында не тұрғанын кім білсін, әйтеуір Жүргеновтың есімін жергөгінде тұншықтырғысы келді. Әрине, олар мақсаттарына жетті. Екі жаққа да болмасан деп, аудан атын Бөгеткөл қойды.
Ел егеменді болды. Өткенімізді тірілтіп, тарихымызды түгендеп жатырмыз. Ел есінде қалған ескі атауларды қалпына келтіру жұмыстары жандануда.Бірақ, аяқтан шалу әлі бар.
Ешқандай жиын болмаса да, қол жинап Комсомол атауын өзгертуге қарсылық танытып мекемелерді аралаушылардың мақсаты белгілі.Басқа ұлт өкілдерінің делебесін қоздырып, сондай шараға бастаушы кім? Олардың арасында өздерін ауданда белсенді санайтын азаматтардың, яғни қазақ жігіттерінің жүруі ойланарлық. Әңгіме, оның ұлтында емес! Комсомол деген атауды қимай, қазақтың қанын төгіп, қорғаған жерінің атауына қарсы шығып,«Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» дейтін арда азамат Жүргеновтың есімін тәлкекке салушы бауырларымыздың әрекетіне таң қалмасқа шара жоқ. Осы жердің тарихы ғасырларға созылады. Жақсы, тың көтеруге келді дедік. Бірақ, елдің тарихын 1966 жылдан бастау кімге керек? Әлде бұл жерде тек комсомолдар ғана өмір сүріп, қазақ деген ұлт болмаған ба?
Ресейдің өзі партия, комсомол деген атауларды алып тастағанда, біз тастабандап отырмыз. Олар үшін ол атаулардың қажеті шамалы. Көрші мемлекетте түгелдей қазақтар орналасақан ауылдар бар.Олардың көшесі бәрі орысша.Егер, соны қазақшалайын десе, билік рұқсат бермейді. Қазақ мектебі жабылды. Елде үнсіздік. Біз ше...
Мені ойландыратыны, басқа ұлт өкілдерінің аудан орталығында тұрғындардан қол жинауы заңды ма? Мұны, құқық қорғау орындарының құзырына қалдырдық. Осынау әрекеттің артына ұлтаралық алауыздыққа бастайтын әрекет тұр. Осы жағының заңдылығын тексеріп, анықтап беруін сұраймыз. Егер, заңсыздық болса, оларды және қол жинауды ұйымдастырушыларды заңға сәйкес жазаға тарту керек секілді. Заң алдында ұлты мен тіліне қарамай, бәрі бірдей.
Комсомол деген атауды қорғаштап, сол үшін қол жинаушылар аудан орталығына қандай іргелі іс жасады? Артық болса кешірім өтінем, менің өз басым ештеңе көрген жоқпын. Сондау кезде неге белсенділік көрсетпейді. Барлығын қара көзілдірік аржағынан қарап жүретіндерді де білеміз.Ешкім періште емес!Сондықтан байыптың орнына, байбалам салу берекелі елдің берекетін кетіреді. Біз құқықтық жағына осы төңіректен іздеу дұрыс санаймын.
Әрине, жиналыстарда сөйлеу, сынау оңай.Құдайымыз талмайтын жақ пен тіл берген адамзат баласына. Бірақ, сөз пен істің арасындағы алшақтық азаматтыққтың өлшемі екенін білген жөн.
Галилео Галилейді жер күнді айналады дегені үшін жазаға тартып жатқанда да, тілін тартпай «Бәрібір жер күнді айналады» деген екен». Сол секілді қанша жерден қол жинап, ашық әрекет етсе де қазақша атау қалпына келеді. Оған дау жоқ. Ешкімнің күманы болмасын.
Жақында Т.Жүргенов атындағы турнир өтті. Сонда Шымкенттік спортшылар «Комсомол дегенді біздер баяғыда құрттық. Сендер әлі жүрсіңдер. Намыс қайда? Әлде Жүргеновке қимайсыңдар ма?-дегенін естігенде ұялғаннан жерге кірдік.
Бұл жерде ауданымызда Т.Жүргеновтың есімін елеп, ұлықтаудың қандай дәрежеде екенін көрсетіп отыр. Тиісті орындар осы мәселеде олқылық жібермегенде, бүгінгідей даулы мәселе туындамас еді.Амал не...
Жүргеновты білмесе, Жүргенов мектебі мен көшесін күндекөріп жүр.
Әлде Комомол біреулердің жалынды шағы шығар. Бірақ, жастық мәңгілік емес! Бәрі өзгереді. Өмір де, көңіл де...
Коммунистік Жастар Одағы деген атаудың қосындысы.
Коммунистік деген сөз санадан өшті..Пионер, октябрят деген атау өткен шақтың елесі...Ендігі кезек Комсомол деген атауда. Оған да тарих есігін ашып тұр.Әрине, құшағына алуға.
Біздің арлы деген азаматтар бұлай төменшіктей беруді қаламайтыны сөзсіз.
Біз басқа ұлтты бауырға тартамыз, алайда төрдің иесі өзіміз екенін жадыдан шығармаймыз.
Мен 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысып, қан төккендегі арманым ауыл атауын қазақшаға ауыстыруда өзге ұлттың өктемдігін, кейбір қандастарымыздың немқұрайдылығын көру емес еді...
Амал не?!
«Құлагерге оқ тиді, қыл мықынның түбінен»-деген жай осы.
Жер атауы өзгереді. Аудан орталығының атауы қазақшаланар. Қалай өзгереді, ол уақыт еншісі. Ал, ауыл атауын ауыстыру кезіндегі келеңсіздікті ұмытпаймыз және ешкімге де ұмыттырмаймыз.
Бүгінгі жайларды кейінгі ұрпаққа айтып отырамыз...
Әрине, кімнің кім екенін!
Егенберлі ӘБДІРАЕВ.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.