Қызыл кітапқа енген балықтар Daewoo Damas көлігінің салонынан Ақшұқыр ауылының жолында автокөліктерді тексеру кезінде табылды. Белгілі болғандай, бұрын сотталған жергілікті тұрғын көлікті жалдап үйіне жеткізгісі келген.
Сот үкімімен қылмыскер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.