Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу бойынша шаралар туралы қаулыларға қол қойды.
БҚО бас санитар дәрігері мынадай шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:
1. Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
1.2. Барлық ойын-сауық объектілерінің, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің қызметіне, кейтерингтік қызметтер көрсетуге және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда) қызметіне тыйым салу);
1.3. Жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеулер:
- селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізе отырып, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 50 пайызын, ең алдымен, 50 жастан асқан қызметкерлерді қоса алғанда, "қашықтықтан" жұмыс нысанына (штат кестесі 30-дан астам қызметкер болғанда) ауыстыру;
- ХҚКО онлайн режимде қызмет көрсетуге көшу, жазба бойынша онлайн режимде көрсету мүмкін емес қызметтерді (сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін) жүзеге асыру);
- медициналық-әлеуметтік мекемелер сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;
- медициналық-әлеуметтік мекемелер сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;
- балалар түзету кабинеттері, балалардың білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (15 адамнан аспайтын топтар), жазу бойынша, жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;
- мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтары (саны 15 баладан аспайтын), жатын үй-жайлардағы төсектер арасындағы қашықтық кемінде 1 метр;
- медициналық орталықтар (жазба бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;
- стоматологиялық клиникалар (жазба бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;
- азық-түлік базарлары мен азық-түлік емес базарлар (жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін), сауда сөрелері арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақтала отырып, азық-түлік өнімдерін өткізу көкөністер мен жемістерді қоспағанда, өлшеп-оралған күйінде ғана жүргізілуі тиіс. Жабық базарлар үшін қосымша шектеулер: толтырылуы объект сыйымдылығының 30 пайызынан аспайды (1 келушіге кемінде 4 шаршы метр есебінен).
- азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп-оралған түрде жүргізілуі тиіс);
- сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері, азық-түлік емес дүкендер, сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін (1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес есеппен объект сыйымдылығының 30% - нан артық толтырылмауы);
- сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер, Ѕрацентрлер (салондар) алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (объектінің 1 келушіге кемінде 4 ш. м есебінен толтырылуы);
- моншалар, сауналар, жұмыс күндері: сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс күндері: сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес есеппен объект сыйымдылығының 50 пайызынан артық емес);