Бекболат Тілеухан: «Өлсек өлерміз, тірі қалсақ қалармыз...» (видео)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан «Азаттық» радиосының тілшісі «Коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайынсыз ба» деген сұрағына былай жауап берді:
«Мен дайынмын әйтеуір. Үкімет үшін емес, өзім үшін жауап берейін. Дайынмын мен. Өлсек өлерміз, тірі қалсақ, тірі қалармыз. Құдайдың жазғаны болады. Дайын болғанда не, маскаңды тақсаң, ұйқыңды қандырсаң, тыныш жүрсең болды емес пе?»
Әлеуметтік желі қолданушылары «халық қалаулысының» бұл пікірін сан-саққа жүгіртіп талдап жатыр.