Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің сайтында.
Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медициналық университетін эпидемиолог мамандығы бойынша бітірген.
2020 жылдың наурыз айынан бастап ол Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарды.