Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда төтенше жағдай режимін қайта енгізу туралы сұраққа жауап берді.
«Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер жағдай қажет ететін болса енгізіледі. Бірақ біз қазір Қазақстанда қалыптасқан тұрақтылықты сақтаймыз деп үміттенеміз. Әр азамат халықты қорғауға қатысады. Маска тағу, арақашықтықты сақтау, бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырмау. Егер біз мұның бәрін жасасақ, онда бұл қиындықтан карантинсіз өтуімізге үлкен мүмкіндік бар», - деді Цой.