Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа жарлыққа қол қойды.
Елге келген барлық жолаушылар (үкіметтік делегациялардан, консулдық қызметкерлерден және басқа да санаттағы адамдардан басқа) міндетті термометриядан және сауалнамадан өтеді.
Температураның жоғарылауы диагнозы қойылған адамдар карантиндік ауруханада екі күнге дейін COVID-19 зертханалық зерттеулері үшін оқшауланады. Егер жолаушының инфекциясы расталса, оны жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырады. Егер коронавирус анықталмаса, онда мұндай жолаушыға тиісті түбіртек ұсына отырып, аурудың белгілері туралы түсіндіріледі.
ҚР азаматтары болып табылмайтын адамдар Анықтама болмаған жағдайда кіруге жіберілмейді. Дене температурасы жоғары адамдар, анықтаманың болуына қарамастан, карантиндік стационарда COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау жүргізу үшін 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар инфекциялық стационарға ауыстырылады. Дәл осындай шаралар Қазақстанға теміржол, теңіз, өзен көлігімен келетіндерге қатысты екенін ескеру қажет.
Сондай-ақ, жарлықта тиісті облыстың көліктегі бас санитар дәрігері аймақтағы және әлемдегі қалыптасып жатқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шетелден келетін жолаушыларды карантинге жатқызу туралы шешім қабылдауға құқылы екендігі атап өтілді.