Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияны 10 адам жұқтырып, бір адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
1-тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмониямен және ПТР-тестінің теріс көрсеткіші бар науқастар саны 32 500 адамға дейін өсті. Ал қаза тапқандар саны 351 адамға жеткен.
Қазір коронавирус инфекциясынан 3 300 адам ем алып жатыр, оның ішінде 46 бала бар. Стационарлық режимде 1 906 науқас, ал 1 394 науқас үйде ем алып жатыр. 92 науқас ауыр жағдайда, 12 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, ал 21 науқас жасанды желдету аппаратына қосылған.