Бақытжан Сағынтаев еліміздің танымал қайраткерлерін марапаттады.
Алматыда қала күні қарсаңында «Қаланың құрметті азаматы» атағын беру және «Еңбегі үшін» төсбелгісін табыстау салтанаты өтті.
Салтанатты шараға қала әкімі - Бақытжан Сағынтаев қатысып, еліміздің танымал қайраткерлерін марапаттады.
«Белгілі қоғамдық және саяси қайраткерлер, ғылым мен білім беру, медицина және мәдениет, кино және әдебиет қызметкерлері осы күнге дейін қоғамға қызмет етіп, ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз етеді және жас ұрпаққа үлгі болады», - деп жазды Алматы әкімі Instagram парақшасында.
«Қаланың құрметті азаматы» атағына ие болған Қазақстанның белгілі қайраткерлерінің арасында әнші Роза Рымбаева да бар.
Жалпы алғанда, бұл атаққа еліміздің тоғыз қайраткері ие болды, оның ішінде экономика ғылымдарының докторы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Р.Алшанов; мемлекет және қоғам қайраткері, III-V шақырылым мәжілісінің депутаты Т.Асанов; білім беру ісінің құрметті қызметкері Ш.Беркімбаева; мемлекет және қоғам қайраткері, Алматы қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Бижанов; Қазақстанның халық әртісі, актер және кинорежиссер Д.Жолсақынов; Қазақстанның халық жазушысы Қ.Жұмаділов; Еңбек сіңірген қайраткер, медицина ғылымдарының докторы Н.Каюпова; Халық әртісі, эстрада әншісі Р.Рымбаева; қаланың бас реаниматологы Т.Қуандықов.
Қаланың дамуына қосқан үлесі үшін «Еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды: Продюсер А.Жұмаш ; оқытушы Ринат Ибраимов; сәулетші, "Эос" гректер қоғамы кеңесінің төрағасы С.Космериди, Алматы қаласының аға тергеушісі Т.Қалиев, ДККБТУ аудандық әкімшілігінің эпидемиологиялық бөлімінің бастығы С.Сүлейменова.