Президент жарлығының жобасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия қалай құрылатыны айтылған.
Қоғамдық талқылауға «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының жобасы шықты.
Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) саяси қуғын-сүргін және заңсыз қудалау құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмысын аяқтау;
2) саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық заңдық және саяси ақтау үшін заң жобаларын және өзге де заңға тәуелді актілерді әзірлеу жөнінде Үкіметке ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
3) жазықсыз сотталған және саяси қуғын-сүргінге, өмірі мен бас бостандығынан айыруға, психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуге, елден шығаруға және саяси нанымдар, таптық, әлеуметтік, ұлттық, діни немесе өзге де қатыстылығы бойынша құқықтар мен бостандықтары өзге де шектеулерге ұшыраған тұлғаларды ақтау процестерін ғылыми зерделеу және жүргізу әдіснамасын анықтау;
4) Қазақстанда іс жүзінде ақталмаған саяси қуғын-сүргін құрбандары санаттарының толық тізбесін айқындау, оның ішінде: қолданыстағы заңнамада қамтылмаған құрбандар санаттары; заңнамада аталған, бірақ іс жүзінде ақталмаған құрбандар санаттары;
Комиссия төрағасы мемлекеттік хатшы болады деп күтілуде.
Еске салайық, 2020 жылы мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия құруға бұйрық берген еді.
ХХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады. Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды, - деді Тоқаев.