20-қыркүйекте қандай мерекелер тойланады?
Бүгін қазақстандықтар өз аналарын құттықтай алады. Сегіз жыл бойы Қазақстанда қыркүйек айының үшінші жексенбісі Аналар күні болып тойланып келеді. Биыл осындай керемет мереке 20-қыркүйекке тура келіп тұр. Бұл мереке алғаш рет 2012 жылы тойланды. Ана – өмірдің бастауы. Қазақстандық аналарды осындай ерекше мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!Сондай-ақ бүгін әлемде «Қоғамға пайдалы адамдар күні» тойланады. Әлбетте, қоғамға пайдаңды тигізу үшін әр күн сайын әрекеттену – міндет. Қоғамға пайдасы тиіп, ортақ мүддеге жұмыс істеп жүрген барша азаматтарды құттықтаймыз!Мейрам мұнымен тәмәм болмады. Бүгін – Халықаралық күріш күні. Миллиондаған адамның тағдыры күрішпен байланысты. Дәнді дақылдың мәдениет деңгейіне көтеріліп кеткенін де білесіздер. Қамбаға түсер астық көп болғай!