2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып бекітілген болатын. Осы уақыттан бері елімізді Отбасы күні дәстүрлі түрде тойланып келеді.
"Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді", - деген еді Елбасы Отбасы күніне арналған алғашқы құттықтауында.
Bairaq.kz порталы барша қазақстандықтарды "Отбасы күнімен" құттықтайды. Деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын! Көңіліңізге көктем ұялап, көзіңіз нұрға бөленсін! Ұзақ өмір, сарқылмас күш-жігер тілейміз! Шаңырағыңыздан тыныштық пен молшылық, мейірімділік пен жылулық кетпесін!