Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 12-қыркүйектегі коронавирус инфекциясына байланысты ахуалды мәлімдеді. Қазіргі таңда 4 550 адам ем алып жатыр екен. Оның ішінде 32 бала бар. Стационарларда 2 431 адам, амбулаториялық режимде 2 119 адам ем алуда. 130 науқастың жағдайы ауыр, оның ішінде: 20 науқас өте ауыр халде жатса, 26 науқас жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.
Өткен тәулікте 307 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып, 2 адам қайтыс болды. бір күн ішінде 145 адам дерттен құлан-таза айығып шыққан.
Қыркүйек айы басталғалы (1-12 қыркүйек) 29 235 адам инфекция жұқтырса, 320 адам қайтыс болыпты. Ал 6 787 науқас қатарға қосылған.
«Күн сайынғы коронавирус инфекциясына қатысты барлық статистика және өзге де мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады. Ал аймақтардағы жағдай министрлік өкілінің қатысуымен апта сайын өтетін пресс-брифингте айтылады», - деп хабарлайды министрлік.