Белгілі қазақстандық әнші Қайрат Нұртас төбелес шығарып, күзетшінің мұрынын сындырған-мыс. Полиция қызметкерлері төбелес болғанын растағанымен, бұзақылыққа себепкер күдіктінің атын атамады.
Tumba.kz сайты бірер күн төңірегінде танымал әншінің өз эмоциясын басқара алмай күзетшінің мұрынын бұзғаны туралы ақпарат жариялады. Бұл жағдай демалыс барысында орын алыпты.
Жоғарыда аталған сайт Маңғыстау облыстық Полиция департаментіне сұраныс жіберген. Департамент қызметкерлері Ақтау қаласындағы қонақ үйлердің бірінде шыққан төбелес бойынша ҚР ҚК 293-баптың 1-тармағы бойынша іс қозғалған.
«Күдіктінің кінәсі сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдарының қорытындысында белгілі болмақ. Тергеу барысында ешқандай ақпарат жарияланбайды», - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық Полиция департаменті.