Батыс Қазақстан облысында коронавирустың екінші толқыны бола қалған жағдайда 4 мыңға жуық орын дайындалады.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, өңірде дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар. Сондай-ақ 30 мың ПТР тест алынған. Еске сала кетейік, облыста 6 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдығып, 97-сі қайтыс болған.
Бүгінде инфекциялық және провизорлық стационарларда 70 науқас ем алып жатыр. Оның үшеуі ауыр жағдайда.
Болатбек Қайыпов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Ауа райы салқындап келеді. Енді адамдар жабық ғимараттарда көп шоғырланбауы керек. Себебі ол эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына алып келеді. Бұл мезгілде тұмау секілді респираторлық вирустық аурулардың көбеюі де қауіпті тудырады.