Қазақстандық экс-вице-адмирал, Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Жандарбек Жанзақов колониядан шығарылды.
Қазақстан Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Жандарбек Жанзақовқа бірінші сот инстанциясы шығарған үкімді жеңілдетті. Қазір бұрынғы вице-адмирал колонияның орнына 4 жыл 4 айға бас бостандығын айырылды.
"Жанзақов он күн мерзім ішінде есепке тұру үшін тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне келу міндеттелсін. Жазаны өтеуден жалтарған жағдайда сот оны сол мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстыра алатыны Жанзақовқа түсіндірілсін. Қамауда ұстау түріндегі шектеудің күші жойылсын және ол дереу босатылсын. Жанзақовтан 29 миллион 246 мың 631 теңге өндірілсін", - деді судья.
Еске салайық, Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Жандарбек Жанзақов алты жылға сотталған болатын. Ол билікті теріс пайдаланғаны үшін және бұл ауыр зардаптарға әкеп соққандықтан кінәлі деп танылған.
Жоғары лауазымды әскери қызметкер өмір бойына Қарулы күштерде, құқық қорғау органдарында және мемлекеттік орында қызмет атқару құқығынан және "вице-адмирал" әскери шенінен айырылды. Ол 42 миллион теңге көлемінде материалдық шығын өтеуі тиіс.