Қыркүйек айынан бастап коронавирусқа қарсы отандық вакцина клиникалық сынақтан өтеді.
Вакцина 244 еріктіге салынады. Олардың 44-і вакцинаны клиникалық сынақтың бірінші кезеңінде алады, ал қалғандары екінші кезеңінде салдырады.
Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты хабарлады.
Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық сынақтарға мақұлдаған болатын.