Солтүстік Қазақстан облысында өрт шығып, бүтін бір отбасы қаза тапты. Қайғылы оқиға бүгін таңертең Ильинка ауылында болған.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, тілсіз жаудан жер үй түгел жанып, 4 адам тіл тартпай кетті. Оның біреуі 4 жастағы бала. Қазір тиісті сараптама тағайындалып, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша 400 шақты өрт оқиғасы тіркелді.
Нұрлан Атығаев, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:
- Ильинка ауылы мен аудан орталығының арасы 42 шақырым. Сондықтан жолға бір сағаттай уақыт кетті. Біз келгенше оқиға орнында жергілікті шаруашылықтың техникасы жұмыс істеп жатты.
Өрт таңғы 5-тен 47 кеткенде сөндірілді. Өкінішке орай, үйде болған 4 адам қаза тапты.