Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов кәсіпкерлермен кездесуде бұрыс әрекеттері үшін қатаң сөгіс алды.
Санитарлық дәрігер өзінің орынсыз тәртібі үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрады.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрыққа қол қойғаны хабарланды.
"Ерғали Сыдыманов қатаң сөгіспен жазаланды. Бұл бұйрық Алматы облысы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімі негізінде жасалды", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.