Массачусетс ғалымдары COVID-19- бен ауырған науқастардағы кейбір цитокиндердің деңгейі коронавирусқа қарсы күшті иммунитеттің түзілуіне жол бермейді деген қорытындыға келді.
Коронавирустан қайтыс болған пациенттердің көкбауыры мен лимфа түйіндері зерттелген. Сарапшылар олардың иммунитетті қалыптастыратын орталықтары жоқ екенін анықтады. Әдетте антиденелер шығаратын В жасушалары жетіліп, олар иммундық жадтың ұзақ өмір сүретін жасушаларына айналады. В жасушалары организмге патогенді тез және тиімді анықтауға және егер ол вирусты қайтадан жұқтырса, оған шабуыл жасауға мүмкіндік береді.