Білім министрлігінің баспасөз қызметі оқушылар арасындағы техниканың жетіспеушілігі мәселесі қалай шешіліп жатқандығын айтты.
«Мектептердегі компьютерлер балаларға уақытша пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, білім беру департаменттері мен бөлімдері қосымша компьютерлер, ноутбуктар, планшеттер сатып алады, олар қабылдау актілері негізінде оқушыларға беріледі. Әр аймақ, білім беру ұйымы интернет-платформаны өздері таңдайды және оның көмегімен қашықтықтан оқыту ұйымдастырылады», - деді Білім және ғылым министрлігі.