Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың жаңа толқыны қазан айында күтіледі, деп мәлімдеді.
«Қазақстанда қазан айына дейін 13 модульдік инфекциялық аурухананы салу жоспарлануда. Коронавирус пандемиясы аяқталған жоқ. Біз қазан айындағы тұмау маусымымен бірге күтілетін жаңа толқынға дайын болуымыз керек.
Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп алдағы күзгі-қысқы кезеңге белсенді дайындалып жатыр», - деді Цой.
«Құрметті қазақстандықтар! Бұл шаралардың барлығы пандемия кезіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттырады, қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық дәрігерлердің басты міндеті - еліміздің әр азаматына уақтылы, сапалы медициналық көмек көрсету!», - деп түйіндеді Алексей Цой.