ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тәулік сайын әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан статистиканы ұсынады. Статистикаға сүйенсек, күн санап коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатары сиреп, ал коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққан науқастар саны артып келеді.
Қазақстанда өткен тәулікте 271 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 148 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелген. Пандемия басталғалы елімізде 103 571 адам инфекция жұқтырса, 86 286 науқас жазылып шыққан. 1 446 адам індет құрбанына айналды.
Ал коронавирус белгілері бар пневмонияны 1-тамыздан бастап 19 754 адам жұқтырған. Өткен тәулікте 1 081 адамның өкпесі қабынғаны және 11 адамның осы дерттен қайтыс болғаны белгілі болды. 1-тамыздан бері пневмония 231 адамның өмірін жалмаған.