BAIRAQ.KZ Бүгін Еліміздің шығысындағы Сауыр тауының баурайында - Зайсанда Қарақас руына ұран болған ҚАПТАҒАЙ БАТЫРҒА арналған ескерткіш ашылды деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі. Зайсан аудан әкімдігінің "Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған ауқымды шара мәдени және спорттық думан ұлт рухының маңызы биік деңгейде өтіп жатыр. ШҚО Зайсан ауданының әкімі Серік Қасымбекұлы АҚТАНОВ пен батыр ұрпағы Германиядан келген Қалиакпар мырза қатарлы силы азаматтар лентасын қиған тас ескерткіш батыр ұрпағы Серік КӨКЕНАЙҰЛЫ мен Манат СЕРТАЙҰЛЫНЫҢ қаржысымен салыныпты. Шараны қаржыландырған әлемнің әр түкпірінен жиналған ҚАРАҚАС ҚАПТАҒАЙ БАТЫР ұрпақтары. Аталған шара даласы үшін жанын қиған тарихи тұлғалардың ерлігін ұрпақ есіне салуға арналды. Сонымен бірге шегара шебіндегі жұрттың отан сүйгіштік рухын көтеріп, ұлттың бірлігін нығайтуға шақырған жиын болды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен Зайсанға барып, шараға қатысып, өлең арнап, сөз сөйлеген ақын-жазушылардың қатарында Алмас Ахметбекұлы да болған.Біз ақынның аранау өлеңін де оқырман назарына ұсынып отырмыз.
БАЙРАҒЫҢДЫ ТІК ҰСТА!Қарақас ҚАПТАҒАЙ БАТЫР
Қазақ халқының еңсесі үшін,
Қарақас жұрты шепте өскен.
Орыспен де, ойратпен
Ажал шебінде, беттескен.
Қытаймен де қан шашысқан,
Бітіспестей кектескен.
Оқ боран соққан, от кешкен.
Есе бермеген,
Талай қыршынның
Ет жүрегін оқ тескен.
Қаптағай батыр жастанған төбе
Артында қалып айшылық,
ҚАРАҚАС ЖҰРТЫ көп көшкен.
Күні бүгінге бітіспеген
Қас жауыменен егесі
Бүгін мынау жиналған жұрт
ҚАРАҚАС деген ел осы.
Қарақас деген Алтай шыңындай
Қарсақ тұмақтың төбесі.
Қазақ рухын уыстап тұрған
Алып саусақтың көбесі.
Қазақ ҚАРАҚАС Абақ-керейдің атағы аңыз бір табы.
Қылыштың жүзін, жебенің ұшын сүйіп туатын ұрпағы.
Қарақас үшін көлбеулеп баяу көтеріледі мына күн,
Қаптағай үшін кідіріп атты
Жалпақ Зайсанның бұл таңы.
Сауырдың салқын самалы сипап,
Қасқайып тұрған діңгек тас
ҚАПТАҒАЙ БАТЫР сұлтаны.
Мерекеңді берекеңмен
Тәңірім мәңгі сақтағай,
Ұлы жиының құтты болсын, ҚАРАҚАС!
Алып кесенең құтты болсын ҚАПТАҒАЙ!