Қазақстанда 13 жаңа инфекциялық аурухана салу жоспарлануда. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
«13 жаңа инфекциялық аурухана салынады, бұл бес мың тұрақты жұмыс орнын ашады», - деді Біржан Нұрымбетов үкімет отырысында.
Слайдқа сәйкес, ауруханалар модульдік болады. Оларды «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында салу жоспарлануда.
Ауруханаларда 2,7 мың жаңа төсек болады.