"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріп екі ай бойы қамауда болады. Бұл туралы «Нұр-Сұлтан» сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Берік Шәріпке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қабылдады», - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысының ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.