«Мен жеке өзім А.Лукашенконың дәуірі аяқталғанын түсінемін. Беларуссияда қоғам мен мемлекет арасындағы алшақтық өсіп, тереңдей түсуде. Жағдайдың нашарлауын сезіне отырып, елдің сыртқы саяси серіктестері дағдарысты шешуге қосылуда. Осылайша, Латвия, Польша, Литва Беларуссиядағы дағдарысты шешудің жоспарын дайындады. Олардың жоспарындағы басты тәсіл - диалог (Лукашенканың ойламаған нәрсесі). Дағдарысты реттеу үшін ұлттық кеңес құру ұсынылады - оппозиция мен билік өкілдерін келіссөз үстеліне отырғызу, азаматтарға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату және тұтқындаған барлық наразылық білдірушілерді босату», - деп жазды ол.
Саировтың айтуынша, бүгінгі Беларуссияның жағдайы «Қазақстанның басқа жолға түскенін түсінуімен» маңызды.
«Билік транзиті уақытында жүзеге асырылды. Жалпыұлттық диалог ұйымдастырылды. Реформалар басталды. Билік «Тыңдайтын мемлекет», «Әр алуан пікір - біртұтас ұлт» сияқты қағидаларды жариялады. Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі елдегі қоғамдық-саяси процестердің эволюциялық дамуы бойынша жұмыс жүргізетін қоғам мен мемлекет арасындағы өзіндік көпірге айналды», - деді ол.
«Қазақстанда Ұлттық кеңестің құрылуы БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқаларында қанағаттанушылықпен қабылданды. Сонымен бірге, Ұлттық кеңестің жұмысы үнемі назарда, қоғамның бір бөлігі бұл құрылымға сыни көзқараспен қарайды. Біз бұл туралы білеміз және түсіністікпен қабылдаймыз, өйткені сын қазіргі саяси процестің сөзсіз атрибуты болуы керек», - деді Саиров.