Бүгін ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтандағы Nur Otan партиясының ғимаратында қала тұрғындарымен кездесу өткізді. Шарадан министр қара түсті Lexus LX 570 көлігімен кетіп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Министрдің азаматтармен кездесуі ұзаққа созылған. Ол өз қабылдауын сағат 10:00-де бастап, 15:00-де аяқтады.
ІІМ басшысына өз мәселесін айтуға келгендердің саны тым көп болғаны соншалық, тіпті Тұрғымбаев кабинеттен су ішуге де шыға алмады. Министр түскі асын да ішкен жоқ.
Кездесуден соң, Тұрғымбаевты журналистер қоршап алып, өз сұрақтарын қойды. ІІМ басшысы өз кезегінде БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беруден бас тартпай, тек содан кейін ғана ғимараттан шығып кетті.
Журналистер министр қатынап жүрген көлікті суретке түсіріп алды.
Nur Otan ғимаратынан ол қара түсті Lexus LX 570 маркалы көлігімен кетіп қалды. Артқы терезелері қараланған темір тұлпарды жүргізуші тізгіндеген.