Клиникалық зерттеулердің барлық кезеңдері аяқталғанша Қазақстан COVID-19 вакцинасын сатып алмайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.
«Коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар тиісті халықаралық сертификаттардан өткеннен кейін ғана сатып алынады», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның анти-коронавирустық вакцинаны сатып алу туралы басқа елдермен келісімдері жоқ.
«Сынақтар аяқталғанға дейін Қазақстан ешқандай дәрі-дәрмектерді, соның ішінде COVID-19 вакцинасын сатып алмайды. Қазақстан барлық халықаралық сертификаттар мен тексерулерден өткен дәрі-дәрмектерді сатып алады. Әзірге әлемде мұндай вакцина жоқ», - деді ол.