Алматы облысында тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және басқару қызметіне Ерғали Сыдыманов тағайындалды.
Ерғали Жақсыбекұлы 1970 жылы 7 сәуірде Қарағанды облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1987 жылы Жамбылда (қазіргі Тараз) жедел жәрдем дәрігері ретінде бастаған. Содан кейін Қазақ КСР Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Жамбыл облысының коммуналдық гигиенасы бөлімінің бастығы болды.
Еске салайық, 2020 жылдың шілде айында Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды.