Күзде әлемде көктемгіден гөрі коронавирустық инфекцияның анағұрлым қатерлі ағымы болуы мүмкін. Бұл болжамды Ресей ғылым академигі Арег Тотолян айтты.
Пастер атындағы Санкт-Петербургтегі эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Арег Тотолян күзде COVID-19-дың қауіпті толқыны болуы мүмкін деп қорқады.
«Біз бұған психологиялық тұрғыдан дайын болуымыз керек», - деді ол.
Маманның айтуынша, қазір өзін-өзі оқшаулаудың қатаң режимін ұстанғандар инфекцияны қалай өткізетінін елестету қиын. Олар ерте ауырған адамдарға қарағанда қатты ауырады.
«Әзірге, біз COVID-19-бен мезгілдік инфекциялар қалай бірігетіні, олардың қосылуы жағдайды ауырлататыны немесе кәдімгі коронавирустық антиденелер қорғаныс беретіні туралы ғылыми негізделген жауап беруге дайын емеспіз», - деп түсіндірді Тотолян.
Академик бүкіл елде өзін-өзі оқшаулаудың қатаң режимін енгізу қажеттілігін жоққа шығарады. Кейбір елдерде аурудың өршуі жағдайында қажетті шектеу шараларын енгізу жеткілікті болады, деді ол.
Бұған дейін Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері коронавирустың екінші толқыны күзде басталуы мүмкін деп айтқан болатын. «Егер кәдімгі тұмауға коронавирус жалғасса, өте жаман болады», - деді Жандарбек Бекшин.