Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай - рухани реформатор» мақаласын жазды. Ол «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.
«Келесі жылы біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеміз. Алайда біздің қоғамда ұлы ойшылдың қатты алаңдаған кейбір кемшіліктері бар. Өкінішке орай, біз Абай айтқан «бес дұшпаннан» толық арыла алмадық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Абай мерекеден мерекеге өмір сүруге емес, еңбек етуге, рухани өсуге шақырды. Абайдың тәлімдері бүгінгі күні өзекті болып табылады. Сондықтан біз оның ойының тереңдігіне, болашақтың қиындықтарын алдын-ала көре алатындығына таңданамыз», - деп атап өтті Президент.
Тоқаев Қазақстан өзара қолдауды, келісімді және одан да үлкен бірлікті қажет ететін өте қиын кезеңді бастан өткеріп жатқандығын жазды.
«Біз Абайды әлемге ХІХ ғасырда өмір сүрген, бірақ ХХІ ғасыр категориясымен сөйлеген данышпан ретінде таныстыруымыз керек. Сонымен бірге біз оны қазақ халқының ұлттық санасының қайта қалпына келуіне үлкен әсер еткен рухани реформатор ретінде насихаттауымыз керек. Біздің еліміздің әрбір азаматы Абайды мақтан тұтуы керек! Мен барлық азаматтарды қазақ халқының ұлы перзентінің мерейтойымен құттықтаймын!» - деп қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев.
Абай адам болу үшін бес дұшпанды жеңуге шақырған. Адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - бес дұшпаның, білсеңіз.