Коронавируспен ауырғаннан кейін маска тағу керек пе? Бұл сұраққа Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді.
Журналисттің сұрағына жауап беру барысында, Бекшин өзін мысалға келтірді.
«Мен ауырғаннан кейін де маска тағып жүрмін. Аурудан кейін иммунитет қаншалықты қалыптасқанын білмеймін. Бірақ иммун тапшылығы бар адамдар бар. Екіншіден, біз коронавирустың қанша штаммдары айналымда екенін білмейміз. Кейбір деректер әлемде қазірдің өзінде жеті штамм бар деп айтады. Басқалардың пікірінше, 30-ы бар, ал қоздырғыш үнемі мутацияға ұшырайды. Ғалымдар бізге қанша қоздырғыш бар екенін нақты айта алса ғана, біз барлық штамдардан немесе біреуінен қорғануымызды анықтай аламыз. Сондықтан, қазір маска кию керек», - деді Жандарбек Бекшин.