Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирустың екінші толқыны туралы жаңа болжам ұсынады.
«Бұл болжам шілде айында жасалды. Одан әрі төсек-орындарды, реанимациялық төсек-орындарды және COVID-19 бен ауыратын науқастарды емдеу үшін барлық ресурстарды орналастыру жоспарланған», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова ОКҚ-дегі онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл болжам жаңартылуда.
«Біріккен статистикаға жүгінетіндіктен, біз қайта есептеуіміз керек. Бүкіл әлемде айтылатын екінші толқын үшін біз күз мезгіліне көңіл бөлеміз. Осы уақытта маусымдық аурулар - вирустық инфекциялар, тұмау болады. Тиісінше, есептеу мен жаңа болжам жасалды, оны біз жақын арада жариялаймыз. Қазір ол жаңартылуда», - деп толықтырды Бұйрабекова.