Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс климаттың өзгеруін коронавирустық пандемиямен салыстырды.
Миллиардер әлем елдерін климаттың өзгеруіне COVID-19-ды қалай қабылдаса, дәл солай түзету шараларын енгізу керек екенін айтты. Уақытында шара қолданбаса салдары жаман болады деп шақырды.
Microsoft негізін қалаушы миллиардер алдағы қырық жыл ішінде климаттың өзгеруінен болатын өлім-жітім, коронавирустық пандемиядан асады деп мәлімдеді.
«Егер біз әлемде көмірқышқыл газының шығарылуын азайтпасақ, пандемиядан болатын азап және экономикалық құлдырау тұрақты түрде қайталанады. Экономикалық шығындар әр 10 жыл сайын COVID-19 мөлшерімен сәйкес келеді», - деді Гейтс.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Билл Гейтс коронавирусқа қарсы вакцинаны адал түрде таратуды сұраған болатын. Ол оны мұқтаждарға таратуды ұсынады.