Ол үндеуін Instagram парақшасында жариялады.
Әлеуметтік салада жұмыс жасайтын жастарға, соның ішінде мұғалімдерге, дәрігерлерге, мәдениет қызметкерлеріне және БАҚ-қа қолдау көрсету үшін «Алматы жастары 3.0» бағдарламасының шарттары мүмкіндігінше жеңілдетілді. Жылдық мөлшерлеме 5%, алғашқы төлем 10%, несие мерзімі 25 жылға дейін, - деді әкім.
"Жыл басынан бері 1035 адам төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама алды. Қалада тіркеу туралы талап жойылғаннан кейін резервке тағы 526, 457 адам енгізілді. Көптеген алғашқы топтар өздеріне пәтер таңдаған. Сіздерге бастапқы және қайталама нарықта тұрғын үй таңдауға болатындығын ескертемін. Жастарға қамқорлық жасау - біздің басты міндеттеріміздің бірі. Сіздер қаланың басты әлеуетісіздер, Алматының қозғаушы әрі жасампаз күші сіздер", - деп түйіндеді ол.