Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министрден пневмония мен коронавирустың жаңа шыңы қашан болады деп сұрады.
«Қай мерзімде - қыркүйек, қазан немесе 2021 жылы? Нақты қашан? Минималды, орташа және максималды болжамдарды айтыңыз. Сырқаттану деңгейі қанша болады? Сіз денсаулық сақтау жүйесін қандай жағдайға дайындайсыз?» - деп сұрады журналист.
«Қазір бізде қыркүйекке арналған нақты болжамдар жоқ, біз оларды ағымдағы статистикалық деректерді ескере отырып, тамыз айындағы деректерді ескере отырып есептейміз. Тамыздың басынан бастап жағдайды талдағанда осы нұсқаулықтарды бере аламыз. Содан кейін пневмонияның есебімен, коронавирустық инфекциянының есебімен нақты цифр белгілі болады. Жай ғана болжам жасау - бұл дұрыс емес», - деді Алексей Цой ОКҚ брифингінде.
Соған қарамастан, министр күзде және қыста жағдайлардың көбеюі мүмкін екенін жоққа шығармайтынын айтты. Оның айтуынша, барлығы азаматтардың маскп киіп, карантин талаптарын сақтауына байланысты болады.
«Онда денсаулық сақтау жүйесін қалай дайындап жатқаныңызды түсіндіріп беріңіз, қанша науқасқа дәрі-дәрмектерді, ПТР сынақтарын, жеке қорғаныс құралдарын жеткізуді жоспарлайсыз? Бізде қате болжамның салдарынан дәрігерлеріміз "жалаңаш" - маскасыз дәне костюмдерсіз қалды. Ал ПТР тестілері бір айдан астам уақыт бойы халыққа қол жетімді болмады», - деп атап өтті журналист.
«Біз 60 мыңға жуық төсек орналастырдық. Қазір тұрғындар саны 35 пайызды құрайды, яғни біз төсек-орындарды қазіргі көрсеткіштен кемінде үш есе арттырдық. Қажет болса, біз одан әрі кеңейеміз», - деп сендірді министр.