Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұсталуына байланысты пікір білдірді.
"Қазір оған қатысты нақты ақпарат жоқ, себебі тергеу жүріп жатыр. Мен уәкілетті органдар өздерінде бар ақпаратты жеткізеді деп ойлаймын.
Олжас Әбішев өз еркімен қызметтен кету туралы өтінішті алдыңғы аптада жазған. Сондықтан бұл мәселе қазір қарастырылып жатқан жоқ. Егер шешім шықса, ол қызметінен босатылады", - деді Цой ОКҚ брифингінде.