Сынақ процесі аясында Қазақстандағы алғашқы коронавирусқа қарсы вакцинация Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі Халықаралық вакцинация орталығында өткізілді.
Вакцинациядан өткен алғашқы қазақстандық - орталық директоры Қайсар Табынов. Ол COVAX-19 препаратын қабылдады. Вакцина Австралияда жасалынған және қазіргі кезде бірінші кезеңдегі клиникалық сынақтардан өтіп жатыр.
«Бүгін, коронавирустық пандемия басталғаннан бері біздің еліміз үшін алғашқы жағымды жаңалық, дәлірек айтсақ, Қазақстанда алғашқы рет COVID-19 вакцинасы пайда болды. Жалпы алғанда, халықты осы қауіпті ауруға қарсы жаппай егу тақырыбы қазір өте өзекті. Иммунология және вирусология саласындағы көптеген мамандар коронавирустың туралы белгілі бір білім алғаннан кейін, пандемияны тек вакциналарды қолдана отырып тоқтатуға болатындығымен келіседі. Осы препараттарды көптеген ғылыми топтар мен институттар жасап шығаруда. Біздің компаниялар отандық вакцинамен айналысуда. Пайдалануға дайын үлгілер бар», - деді Григорий Беденко.
Жаппай егу процесінің өзі уақытты талап етеді. Бірақ бұл жерде уақыт факторы өте маңызды, өйткені өкінішке орай, инфекция көптеген адамдардың өмірін жалмап жатыр. Сондықтан, Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі Халықаралық вакцинация орталығы балама шешім ұсынады.
Қазақстандық вакцинаны Жамбыл облысының Отар ауылында орналасқан Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институты жасап шығаруда.