Белсенді Руслан Жанпейісов бір жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол 30 шілдеде сотталды деп хабарланды. Жанпейісов жәбірленушіге қасақана дене жарақатын келтіргені үшін, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерді қорлағаны үшін және телекоммуникациялар желісінде бейнежазбаларды таратқаны үшін кінәлі деп танылды.
Жинақталған қылмыстық құқық бұзушылықтың негізінде ол ең төменгі қауіпсіздіктің қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеумен бір жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, сот жәбірленуші тараптың талабын қанағаттандырып, Жанпейісовтен 550 мың теңгені өндіріп алды.
«Істі қарау барысында, айыпталушы аэрозольды пистолетті қолдана отырып, жәбірленушінің көзіне оқ атқан. Оның екі көзі химиялық күйікке шалдығып, көру қабілеті төмендеген. Қоғамдық жерде кезекшілікте тұрған полиция қызметкері К.-ны ашық түрде қорлап және бейнені қоғамдық интернет-каналға жариялаған», - делінген хабарламада.