"Пневмония кезінде моншаға барудан екі-үш айға дейін уақытша бас тартқан дұрыс, өйткені бу бөлмесінде жоғары атмосфералық қысым жасалады, бұл жүрек-тамыр жүйесіне, тыныс алу жүйесіне теріс әсер етеді және дененің басқа жүйелік асқынуларына әкелуі мүмкін. Содан кейін оны емдеу қиын болады, сондай-ақ басқа жұқпалы ауруларға әкелуі мүмкін", - деді Малбасқанов.
Сонымен қатар дәрігер ұшақтар мен тікұшақтарлың вирус шашқаны туралы қауесетке пікір білдірді.
"Тікұшақтар мен ұшақтар мақсатты түрде ұшып, пневмония тудыратын вирустар мен аурулардың түрін себеді деген адамдар бар. Қазіргі тілмен айтқанда олар бұл әңгімеден хайп жасап жүр. Егер сіз логикалық тұрғыдан ойласаңыз, бұл мүмкін емес. Осыған орай еуропалық ғалымдар жауап берді. Егер жер планетасындағы коронавирус инфекциясының барлық мөлшерін жинасаңыз, онда ол тіпті бір килограмнан да аспайды. Вирусты қалай себуге болады?" - деді ол.
Дәрігер әлеуметтік желілерде таралған ақпаратқа да жауап берді. Онда дезинфекциялық құралдар пневмонияны тудырады деп жазған болатын.
Дезинфекциялаушы зат аллергия тудыруы мүмкін, бірақ пневмония тудырмайды, - деп жауап берді дәрігер.