Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем бригадасы үздік деп танылды
НҰР-СҰЛТАН. BAIRAQ.KZ - Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем бригадасы ҚР Жедел медициналық көмек бригадаларының және қабылдау бөлімшелерінің IV республикалық жарыстарының қорытындысы бойынша үздік деп танылды деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі елорда әкімдінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оған еліміздің 17 аймағынан келген командалар қатысты, деп қала әкімдігінің сайты хабарлайды. Қатысушылар жұмысының кәсібилігі мен тиімділігін Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары мен ұйымдарының өкілдері арасынан қазылар алқасы, сондай-ақ Италия мен Германияның халықаралық сарапшылары бағалады. Жарыс барысында командалар белгілі бір клиникалық станциялардан өтумен ситуациялық тапсырмаларды шешті. Мысалы, анафилактикалық шок, нәрестенің реанимациясы, политравма және басқалар кезінде шұғыл көмек көрсету. "Оқиға" орнында манекендер мен стандартталған пациенттер (пациенттерді бейнелейтін адамдар) қолданылды. Айта кету керек, 103 қызметі тәулігіне 2900-ге дейін өтініш қабылдайды және 1800-ге дейін қызмет көрсетеді. Тәулігіне елордаға 80 ГТҚС бригадасы мен 24 АМСК шұғыл жәрдем бригадасы қызмет көрсетеді. Елордалық жедел медициналық жәрдем станциясы жоғары білікті мамандары бар және өз арсеналында заманауи жабдықтары, дәрі-дәрмектер мен санитарлық автокөлігі бар қаланың жетекші емдеу-алдын алу мекемелерінің бірі болып табылады.