Ұлттық денсаулық сақтау орталығы директорының орынбасары Бауыржан Жүсіпов i Қазақстанда коронавирустық індеттің қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты.
Қазір біз індет толқынының шыңында тұрмыз, карантинге байланысты ауруханаға жатқызу тұрақтанды. Жағдайды қалай жеңуге болатынымыз шектеу шараларының ұзақтығына және ауырлығына, сондай-ақ әрқайсымыздың алдын-алу шараларын сақтауына байланысты болады. Біз вирусты жойып жібереміз деп үміттенбейміз. Міндет - денсаулық сақтау ұйымдары дер кезінде көмек көрсетуі және жаңа жағдайлардың санын азайту, деп санайды маман.
"Ең қолайлы сценарий бойынша, біздің елде індет қыста аяқталады. Егер ұжымдық иммунитет тез қалыптаспаса, онда, әрине, індеттің таралу мүмкіндігі өте жоғары болып қала береді, ал аурудың өсуіне қарай карантиндер мен шектеулер енгізу керек. Алдымен үш-төрт аптаға, содан кейін эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде тағы үш-төрт аптаға. Бұл әдісті тек Қазақстан ғана емес, басқа да елдер белсенді түрде қарастыруда. Өйткені шектеулердің қысқаруы ерте ме, кеш пе инфекцияның көбеюіне әкеледі. Жалпы, індет қашан аяқталады деген сұраққа жауап берсем, бұл бір жылдан кейін болуы мүмкін", - деді Жүсіпов.
Оның пікірінше, індеттің өршу кезеңі күзде орын алуы мүмкін, тіпті масканы міндетті түрде кию, қашықтықтан жұмыс істеу, онлайн оқыту сияқты кейбір шектеу шаралары сақталса да инфекция жұқтырғандардың саны артады, дейді.
"Біріншіден, біз көп уақытты үйде өткіземіз және мұндай жабық орындар вирус үшін қолайлы орта. Сонымен қатар, вирустың аэрозоль арқылы, яғни ауа арқылы тарайтыны мүмкін екендігі туралы ғылыми дәлелдер бар. ДДСҰ ресми түрде растамаса да, ол бұл мәселені мұқият зерттеп жатқандығын мойындады", - деді Бауыржан Жүсіпов.
Оның пікірінше, эпидемияны тоқтатуға қоғамдық иммунитет қауқарлы болуы мүмкін. Бұған вакцинация және табиғи иммунитет арқылы қол жеткізуге болады.
"Соңғы күндері эпидемиология саласының маманы емес екі танымал адам халықтың шамамен 10% -ы, яғни екі миллионға жуық адам ауырғанын айтты. Менің есебім бойынша нақты сан миллионнан кем. Неліктен бұл маңызды? Эпидемияны тоқтату үшін халықта 60-70% -ы иммунитет болу қажет. Егер Қазақстанда 5% халық ауырса, онда біз ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға өте баяу жүріп келеміз. Егер бұл сан 10% -ға жақын болса жағдай жақсырақ болар еді, өйткені ұжымдық иммунитет тезірек қалыптасады. Бірақ содан кейін иммунитеттің ұзақтығы туралы мәселе туындайды. Бұл вакцинаға да байланысты", - деді маман.
Оның пікірінше, кез-келген ел бұл мәселені өздігінше шеше алмайды.