Әлеуметтік желілерде және мамандардың қабылдауында адамдар жазылып шыққан соң шаштары түскеніне шағымдана бастайды.
"Мен шашымның 55 пайызын жоғалттым, күн сайын көп мөлшерде түседі", - дейді Грейс Дадли. Ол мұны ауруханадан шыққаннан соң шамамен бір айдан кейін байқаған.
COVID-19 жеңіп шыққандарды қолдау тобының негізін қалаушы, белсенді Луиза Барнс, топ мүшелерінің үштен бір бөлігінен астамы, оның ішінде өзі де таз ауруына шалдыққанын атап өтті.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл құбылыс коронавирустық инфекцияның негізгі белгілерінің бірі - температураның жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін.
Дене қызуы 37,5-тен жоғары болған кезде шаштың түсуі мүмкін, өйткені табиғи өсу циклі бұзылады, - деді доктор Арагон Джузеппе.
Трихолог Ева Проудманның айтуынша, шаштың көп бөлігі жұқарып немесе түсіп қалуы қалыпты дүние. Сонымен қатар, сарапшылар мұндай проблеманың уақытша екенін айтады.