Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «СҚ-Фармация» компаниясының жаңа басшысына барлық сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жоюды тапсырды.
«Биыл алты айдағы жұмысын қорытындылаған агенттіктің жиынында: «Әлеуметтік желілерді мұқият бақылайтын кез келген адам коронавируске байланысты жағдайдың күрделенуінің басты себептерінің бірі – сыбайлас жемқорлық, бюрократия мен жауапсыздық деп санайды және менімен келіседі. Бұл бір жағынан өте орынды, әсіресе, «СҚ-Фармацияның» лауазымды тұлғаларына, медициналық сақтандыру қорына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бірқатар медициналық мекемелеріне қатысты қылмыстық істер контексінде әділ бағаға қатысты», – деді.
Алик Шпекбаевтың айтуынша, «СҚ-Фармация» жемқорлықтың алдын алуға қатысты талдау жұмыстарын жүргізуі қажет.
«Қазіргі уақытта «СҚ-Фармация» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдауды сыртқы сарапшыларды кеңінен тарта отырып, жедел жүргізуі қажет. Біздің талдауымыздың сапасы осы ұйымның болашақта қаншалықты тиімді жұмыс істейтініне тікелей байланысты. Бұл бізді ғана емес бірыңғай дистрибьютордің жаңа басшылығын қызықтырады. «СҚ-Фармация» сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша барлық ұсынысты орындайды деп үміттенемін», – деді агенттік төрағасы Алик Шпекбаев.